«Архивное дело на современном этапе: проблемы, практики, инновации» конференциясына қатысты

Павлодар облысының мемлекеттік архивібасшысының орынбасары Н.А. Кубик «Архивное дело на современном этапе: проблемы, практики, инновации» атты III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.Конференция Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналды.   

Конференцияда ҚР архив ісінің жай-күйі, архив ісі мен іс жүргізуді нормативтік-құқықтық реттеу, қоғамдық сананы жаңғыртудағы архивтердің рөлі, архив саласының жай-күйі мен проблемалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері және т. б. талқыланды.

Қазақстан жетекші архив мекемесі, отандық архивтың ғылыми және методикалық орталығы, архивтік ғылым мен білімін қоса, еліміздігі архив саласының дамуына бір қатар қолтанбалы бағыттардың бастамашысы ҚР Президентінің Архиві конференция шегінде диалог алаңына Қазақстаннан басқа да, жақын және алыс шет елдердің архив ісі мен іс жіргізу жетекші мамандарын жинады.

Архив ісінің өзекті мәселелері бойынша директордың орынбасары Е.А. Романова, тарих ғылымдарының кандидаты (Мәскеу қ.), У.М. Юсупов, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы УзАрхив агенттігінің бас директоры (Ташкент қ.), С. Коллер, Польша ұлттық жады институты архивінің аға сақтаушысы, философия докторы (PhD) (Варшава қ.), Е.А. Макаренко, Беларусь Республикасы Ұлттық архивінің ақпараттық-іздестіру жүйелері бөлімінің меңгерушісі (Минск қ.), Чжан Га, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты (Алматы, Пекин қалалары)және басқа да архив ісінің өзекті сұрақтары бойынша баяндама жасады.

Барлық қатысушылар осы ғылыми іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Конференцияда ұсынылған баянадамалардан  талқыланған тақырыптар мен проблемаларға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар өздерінің әсерлері, пікірлерімен, сондай-ақ одан әрі ынтымақтасу үшін байланыстарымен  ауысты.

Павлодар облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырушыларға ғылыми қоғамдастықта маңызды оқиғаға айналған осы конференцияға қатысу құрметі үшін алғыс білдіреді және оның ұйымдастырушылары мен барлық қатысушыларына терең құрмет білдіреді!

 

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...