Павлодар Ертіс өңірінің тарихи тұлғаларымен байланысты киелі нысандар туралы архивтік материалдарды зерттеудің қиындығы мен болашағы

Ұлы бабалар ізімен «Рухани жаңғыру кезеңі» жобасы аясында Павлодар облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Н.А. Кубик зум форматы арқылы «Павлодар Ертіс өңірінің тарихи тұлғаларымен байланысты киелі нысандар туралы архивтік материалдарды зерттеудің қиындығы мен болашағы» атты тақырыбында сабақ өткізді. 

Архивтік құжаттары негізінде 1952 жылғы қыркүйек айында көрнекті қайраткер Мәшһүр Жүсіп Копеев бейітінің жойылуы және оны 1975, 1976 жылдары қайта қалпына келтіру, өткен ғасырдың 50-ші жылдары Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі дінге қарсы тұрғаны, қатыгез идеогиялық күрес қалай жүргізілгені, көрнекті ақын, тарихшы, этнограф  шығыстанушы, қазақ халқының шығармашылығы мен ауыз әдебиетін жинаушысы Мәшһүр Жүсіп Копеевтің болмысы, ілімі, рухани мұрасы қалай қиыстырылғаны және оның есімі қоғамның санасында мәңгі өшкені туралы билік органдарының ресми құжаттары бойынша мәліметтерді анықтау мақсатында архив құжаттарымен зерттеу-іздестіру жұмыстары қалай жүргізілгені жөнінде  көрсетілді.

 

 Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар ...